Accessibility links

Әлемнің ең қарт адамына баспана берілді


Әлемдегі ең қарт адам – 130 жастағы қарағандылық Сахан Досоваға қаланың «Көгілдір тоғандар» ауданындағы жаңа үйден екі бөлмелі пәтер берілді.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Сахан Досова тұрғын үй кезегінде тіркелген арызы бойынша 1625- ші орыннан1664-ші орынға жылжытылған еді.

Қазақстан азаматы Сахан Досова биылғы наурыз айында 130 жасқа толды. 1879 жылы 27 наурызда дүниеге келген Сахан Досова Қарағандының Пришахтинск аймағында тұрады. 11 баланы дүниеге әкелген ана қазір 37 немере мен шөберенің әжесі.
XS
SM
MD
LG