Accessibility links

Астаналық емші 7 жылға сотталды


Астанада өзін емшімін деп таныстырған азаматша А.Үмітбекова жер телімдеріне қатысты алаяқтық жасады деген айыппен 7 жылға бас бостандығынан айырылды, — деп хабарлайды қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай.

М.Жұманбайдың айтуынша, халықтық медицина академигі А.Үмітбекова адамдардың сеніміне кіріп, белгілі бір көлемдегі ақшаға жер рәсімдеп беремін деп, 15 алаяқтық іс жасаған. Сондай-ақ ол ипотекалық несие және көлік әперу туралы да көмек ұсынған. Қылмыстық әрекет бойынша сотталушының азаматтарға келтірген шығыны 34 млн теңге көлемінде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG