Accessibility links

Обама Иранмен қатаң да тікелей дипломатиялық сөйлесулер жүргізетініне уәде берді


АҚШ-тың одақтасы Израилге қарсы Иран президенті Махмуд Ахмадинежадтың қызу пікірлер айтқанына қарамастан, АҚШ президенті Барак Обама Иранмен қатаң да тікелей дипломатиялық сөйлесулер жүргізетініне уәде берді. БҰҰ-ның Швейцарияда болған расизмге арналған конференциясында, дүйсенбіде сөйлеген сөзінде Ахмадинежад «Израиль үкіметі-нәсілшіл» деген болатын. Обама Ақ үйде, сейсенбі күні Иордания патшасы Абдулламен кездескеннен кейін білдірген пікірінде Ахмадинежадтың ол сөздері пайдасыз, әрі тұрпайы болды деп сипаттады. Обама АҚШ-Иран қарым-қатынастарын жақсартудың оңайға соқпасын білсе де, осы мақсатта әрекет ететінін айтты.
XS
SM
MD
LG