Accessibility links

Еуразиялық Медиа Форум басталады


Бүгін Алматыда VIII халықаралық Еуразиялық Медиа Форумның жұмысы басталады.

Екі күн өтетін дәстүрлі конференцияның күн тәртібіндегі басты мәселе ғаламдық экономикалық дағдарыс болмақ. Сондай-ақ форумға жиналғандар АҚШ-тың жаңа президенті Барак Обаманың саясаты мен Шығыс және Батыс елдерінінің өзара қарым-қатынасы, саяси қақтығыстар мен БАҚ және блогосфера мәселелерін қарастырмақ.

VIII форумның отырысында дәстүрлі түрде «Әл-Жазира интернэшнлдің» тележүргізушісі Риз Хан төрағалық етпек.
Аталмыш шараға Иранның бұрынғы президенті Мохаммад Хатами, Ресейдің экс-премьері Евгений Примаковтармен бірге Америка, Еуропа, ТМД мен Азияның медиа қайраткерлері мен саяси өкілдері келеді деп күтілуде.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG