Accessibility links

Қазақстанда Қытай газеті жарық көреді


Синьхуа ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қытайдың «Цзинцзи бао» газет тресті сәуір айының соңында Қазақстанда «Хасакэсытань хуацяо бао» газетін шығаруға кіріспек. Қазір бұл газет мемлекеттік тіркеуден өткен.

Айына екі рет орыс және қытай тілдерінде шығып тұратын аталмыш газет негізінен Қазақстандағы қытай диаспорасына бағытталған. Оқырмандарға Қытайдың саяси, экономикалық және мәдени өмірінен хабар тарататын газеттің редакциясы мен баспасы Үрімші қаласында орналасқан, Қазақстанда екі журналисі тұрақты түрде жұмыс істейді.

Агентіктің ақпаратынша, қазір Қазақстанда 300 мыңға жуық этникалық қытай есепте бар. Олардың көбі Астана мен Алматы қалаларында тұратын эмигранттар мен бизнесмендер.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG