Accessibility links

«Тасжарған» газетінің соты өтеді


Бүгін сағат 12.00-де Алматыдағы Марков пен Тимирязев көшелерінің қиылысындағы қалалық арнаулы әкімшілік сотында «Тасжарған» газетінің бас оқырманы Ермұрат Бапиды Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 524 бабы (сот орындаушының талабын орындамау) бойынша айыптауға қатысты сот отырысы өтеді.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Парламент Мәжілісінің депутаты Ромин Мадинов 2008 жылы 24 сәуірде өзінің ар-намысына тиген «Байғұс латифундист» атты мақаланы басты деп «Тасжарған» газеті мен оған мақала берген тәуелсіз журналист Алмас Көшербаевты сотқа беріп, моральдық өтем ретінде газет редакциясынан 300 миллион теңге өндіріп алуды талап еткен болатын.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG