Accessibility links

Оппозициялық көзқарастағы журналист қамауға алынды


Бүгін Алматы қалалық арнаулы әкімшілік сотында «Тасжарған» газетінің бас оқырманы Ермұрат Бапиге қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік тәртіп бұзушылық туралы» Кодексінің 524 бабы (сот орындаушының талабын орындамау) бойынша сот отырысы болып, сот төрешісі Әсел Әбдірахманова Ермұрат Бапиды 5 күнге қамауға алуға шешім шығарды.

Бұл туралы сот шешімі шығысымен Азаттыққа түсініктеме берген Ермұрат Бапи:

- Сот мені аталған бап бойынша 5 күнге қамауға алуға шешім шығарды. Бұл жерде маған сот орындаушының талабын орындамады деген айып тағылып отыр, негізінде Ромин Мадиновтің 30 миллион теңге өндіру талабынан басқа сот шешімдерінің бәрі орындалды. Сондықтан мені түрмеге отырғызуға Астанадан, ҚР президенті Н.Назарбаевтың тарапынан тапсырма берілгеніне сенімдімін. Өйткені, Қазақстанда Еуразиялық медиа форум сияқты үлкен саяси шара өтіп жатқан кезеңде тәуелсіз журналисті қамау сот пен прокурордың қолынан келетін шаруа емес, бұл саяси шешімді талап ететін шара, ал саяси шешімді беріп отырған Қазақстанның президенті деп білемін, — деді.
XS
SM
MD
LG