Accessibility links

Сарапшы: Түркменстан Газпромға қарсы тұруда


Орталық Азия сарапшысы Никлас Суанстромның айтуынша, Түркменстанның таяудағы қадамдары Ашхабаттың табиғи газ экспорт жолдарын түрлендіруге әрекет жасап жатқанын көрсетеді. Орталық Азия – Кафказ институты мен Жібек жолын зерттеулер бағдарламасының директоры Суанстром германиялық RWE компаниясы мен Түркменстан арасындағы энергетикалық келісім ерекше боп табылады деп мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған келісім Еуропаға түркмен газының тасымалдануына бақылау орнатқысы келетін Ресейдің Газпром компаниясына Ашхабаттың қарсы тұруын көрсетеді. Алайда ұсынылған Набукко құбыры жобасына Еуропа елдерінің бәрі қолдау танытып отырған жоқ деді Суанстром.
XS
SM
MD
LG