Accessibility links

Құқық қорғаушы Пономарев Қырғызстанға кіргізілмеді


Ресейде орналасқан адам құқықтарын қорғаушы Виталий Пономаревтің Қырғызстанға кіруіне рұқсат етілмеді. Қырғыз билік орындары бүгін белсенді Пономаревті Мәскеуден Бішкекке аттанған пойыздан шығарып жіберді.

Осы жылдың ақпан айында Пономаревті қырғыз шекарашылары Бішкектің Манас әуе жайында тоқтатқан болатын. Сол кезде ол Мәскеуге қайта ұшып кетуге мәжбүр болды. Қырғыз шекарашыларының айтуынша, Пономоревтің Қырғызстанға баруына тыйым салынған.
XS
SM
MD
LG