Accessibility links

Журналист Ермұрат Бапи қамаудан босатылды


Алматы қалалық прокуратурасының қарсылығымен журналист Ермұрат Бапи қамаудан босатылды. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігіне «Азат» партиясының төрағасы Болат Әбілов хабарлады.

Ол бейсенбі күні сағат 17:55-те телефон арқылы «Ермұратты босатты», - деп айтты.

Бұрын хабарланғандай, 23 сәуірде Алматының ауданаралық арнайы сот шешімімен оппозициялық «Тасжарған» газетінің, лауазымы бойынша «негізгі оқырманы» аталып кеткен, жетекшісі Ермұрат Бапи депутат Ромин Мадиновтың 30 млн теңгелік ақшалай өтемақысын өтеу туралы «сот орындаушысының талабын қасақана орындамағаны» үшін бес тәулікке қамалған.

16 қаңтарда Алматының Медеу аудандық соты жауап берушіден Р. Мадиновтың пайдасына моральдық шығын өтемі ретінде 3 миллион теңге өндіру және газетке жарияланған мәліметтерді теріске шығарып материал басуды міндеттеу туралы шешім шығарған.

Депутаттың шағымына газетте 2008 жылдың 24 сәуірінде жарияланған «Кедей «латифундист» деген мақала негіз болған.

Кейін қалалық сот аппеляциялық өтінішті қарай келіп, газеттен өтемақы сомасын 3 млн-нан 30 млн теңгеге дейін көтерген еді.
XS
SM
MD
LG