Accessibility links

Роберт Симмонс: Қазақстан әскері НАТО жасақтарымен сәйкестік деңгейіне жетті


НАТО Ауғанстанды қалпына келтіру жөніндегі бейбітшіл операциияға қатысуға Қазақстанды ресми түрде шақырды, — деп мәлімдеді НАТО бас хатшысының Орталық Азия мен Кавказ жөніндегі арнаулы өкілі Роберт Симмонс. Симмонстың айтуынша, Қазақстанға тиісті құжаттардың барлығы берілген. Қазақстан әскері НАТО жасақтарымен сәйкестік деңгейіне жеткен.

«Бірақ кез келген жағдайда Ауғанстанға әскерін жіберу немесе жібермеу туралы соңғы шешімді Қазақстанның өзі қабылдайды», — деп атап көрсетті альянс өкілі. Биылғы жылғы наурыз айында Қазақстан Ауғанстанды қалпына келтіруге көмек беруді жалғастыруға ниеттілігін жария етті. 2007-2008 жылдары берілген көмектің көлемі 2,5 миллион АҚШ долларын құраған.

Сондай-ақ Қазақстан ауғандық мамандарды дайындауға қатысатындықтарын білдірді, бірақ әскер жіберу және НАТО операцияларына қатысу туралы хабарлаған жоқ. Және Грузия аймағында өтетін НАТО –ның Cooperative Longbow 09/Cooperative Lancer 09 оқу-жаттығуларына қатысудан бас тартты.
XS
SM
MD
LG