Accessibility links

Батыс Қазақстанда лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалды


Батыс Қазақстан облысында Денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін».

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Батыс Қазақстан облыстық қаржы полициясы БҚО Денсаулық сақтау мемлекеттік басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 315-бабының 2-тармағы бойынша (Қызметтік әрекетсіздік) қылмыстық іс қозғады.

«Олар тендерлерді өткізу барысында сатып алынған дәрі-дәрмектерге баға мониторингін тиісті түрде өткізбеген. Сарап қорытындысына сәйкес, негізсіз төленген бюджет қаражаты 48,8 млн. теңгені құрайды, яғни лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекетінен мемлекетке осынша көлемде шығын келтірілді», — делінген баспасөз хабарламасында.
XS
SM
MD
LG