Accessibility links

«Әділет» және «Справедливая Россия» партиялары ынтымақтастық меморандумына қол қойды


Қазақстанның «Әділет» демократиялық партиясы мен ресейлік «Справедливая Россия» партиялары өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды

«Өз мемлекеттерінің ықпалды саяси күштері ретінде бағдарламалары, мақсаттары мен міндеттері ұқсас болғандықтан екі партия да өздерінің партияаралық байланыстарын нығайту үшін мүдделілік танытып, ынтымақтастыққа дайын отыр», — деді «Әділет» партиясының жетекшісі Мақсұт Нәрікбаев.

«Әділет» сияқты біздің партия да конструктивті оппозицияда. «Әділет» деген сөз екі партияның да туында жазылған. Бұл бірігу заңды. Екі партияның атаулары ғана емес, бағдарламалық мақсаттары да үндес», — деді «Справедливая Россия» партиясының аймақтық бөлімі кеңесінің төрағасы Александр Романович.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG