Accessibility links

Ирақта бейсенбіде 80-дей адам қаза болды


Бұл соңғы бір жылдан аса уақыт ішіндегі өлім көп орын алған күн болып отыр. Оның 50-і Диала аймағындағы мейрамханада болған жанкештілік шабуылдан қаза болды. Хабарларға қарағанда, онда негізінен Ирақтағы діни орындарға зиярат етпекке келген ирандық азаматтар көп болған екен. Тағы 30-ы Бағдаттың орталығында азық-түлік көмегін алмаққа кезекте тұрғандар арасында болған бомбалық жарылыстан қаза болған екен.
XS
SM
MD
LG