Accessibility links

Байден Түркия-Армения келісімін қызу қуаттады


АҚШ вице-президенті Джо Байден телефон арқылы Армения президенті Серж Саркисянмен сөйлесті. Байден осы аптада жарияланған Түркия-Армения келісімін қызу қуаттады. Келісім мақсаты-қос ел қарым-қатынасын жақсарту.

Байден сондай-ақ бұл қос елдің бірнеше онжылдықтарға созылған жауласуларынан кейін татуласу жолындағы әрекеттерін Обама әкімшілігінің қызу қуаттайтынын да айтты.

Сәуірдің 24-де АҚШ президенті Барак Обама 1-ші дүние жүзілік соғыс кезінде, Осман империясы тұсында армяндардың қырылғанына байланысты жылдық жолдауды жасамақшы.
XS
SM
MD
LG