Accessibility links

Бағдатта бүгін 55 адам қаза болды


Ирақ астанасындағы имам Мұса әл-Кадим мешітінде, сәуірдің 24-де болған бомбалық қос жарылыстан сондай-ақ 100-ден аса адам жараланған.
Ал, бейсенбіде Ирақта 90-дай адам қаза болған-ды. Бұл соңғы бір жылдан аса уақыт ішіндегі өлім көп орын алған күн болып отыр. Оның 50-і Диала аймағындағы мейрамханада орын алған жанкештілік шабуылдан қаза болды. Хабарларға қарағанда, онда негізінен Ирақтағы діни орындарға зиярат етпекке келген ирандық азаматтар көп болған екен. Тағы 30-ы Бағдаттың орталығында азық-түлік көмегін алмаққа кезекте тұрғандар арасында орын алған бомбалық жарылыстан қаза болған екен.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG