Accessibility links

Ауғанстан: президент сайлауына үміткерлер шыға бастады


Ауғанстанда тамыз айында өтетін президент сайлауына үміткерлерді ұсыну басталып кетті.
Қазіргі президент Хамид Қарзай екінші рет сайлауға түсетін тәрізді. Оның болашақ бәсекелестерінің қатарында бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла, бұрынғы қаржы министрлері Ашраф Гани мен Әнуар Ахади, сондай-ақ Нангархар өлкесінің әкімі Гүл Ага Шарзай болатын сияқты.
Саяси шолушылардың пікірінше, алдағы президент сайлауы Ауғанстандағы ахуалдың қаншалықты бірқалыпқа келгенін аңғартуға тиіс.
XS
SM
MD
LG