Accessibility links

Молдова: оппозиция президент сайлауына қарсы


Молдовада оппозициядағы үш саяси партия президенттің сайлануына бөгет жасап, кезектен тыс парламент сайлауын өткізуге қол жеткізбекші.
Либералдық партияның көсемі Михай Гимну мәлімдегендей, оппозицияның «алтын дауысы бар». Соңғы сайлауда Владимир Воронин бастаған Коммунистік партия 60 депутаттық мандатқа ие болса, президентті сайлау үшін кем дегенде 61 дауыс қажет.
Жаңа сайланған Молдова парламентінің бірінші мәжілісі 5 мамырға белгіленді. Сенбі күні билік басындағы Компартияның пленумы президент сайлауына түсетін үміткерді таңдауға тиіс.
Оппозиция 5 сәуірде өткен парламент сайлауының ресми нәтижесін даулады.
XS
SM
MD
LG