Accessibility links

АҚШ журналисі Иран түрмесінде аштық жариялады


Тегі ирандық Америка журналисі Роксана Сабери Теһран түрмесінде аштық жариялады. Ол туралы сенбі күні журналист әйелдің әкесі Реза Сабери хабарлады. Оның айтуынша, Иран сотының үкіміне қарсы Роксана Саберидің аштық жариялағанына сенбі күні бес күн болды.
Бірқатар АҚШ баспасөз құралының Ирандағы штаттан тыс тілшісі болып келген 31 жастағы Роксана таяуда ғана «тыңшылық жасады» деген айыппен 8 жыл мерзімге түрмеге кесілді.
АҚШ пен халықаралық ұйымдар бірнеше рет Иранды оны түрмеден босатуға шақырды.
XS
SM
MD
LG