Accessibility links

ДДҰ: «Доңыз тұмауы» бүкіл әлемде пандемия туғызу мүмкін


Мексикада және бүкіл әлемде «доңыз тұмауы» вирусының жайылуына қарсы шұғыл іс-шаралар қабылдау үстінде. Одан 20-дан 80-ге жуық адам құрбан болды.
Мехико қаласында көп халық жинайтын 100-деген салтанатты шара болмайды, мектептер жабылды, қала әкімдігі халық көп жиналатын мейманхана, стадион, театр, шіркеулерді жабуға шақырды. Гонгконг пен Жапонияда тұмаудың нышаны бар жолаушыларды тексеруде. Ресейдің РосПотребНадзор агенттігі «доңыз тұмауының» алдын орау шарасын қолға алғанынын мәлімдеді.
Мексикада тұмаудан 81 адам мерт болды. «доңыз тұмауының» адамнан адамға жұғатын жаңа вирусынан 20 кісінің құрбан болғаны расталды. Қазір 1.5 мыңға жуық адам науқас. АҚШ-та тұмауға шалдыққан кісілер тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл дерттің пандемияға айналу қаупі барлығын ескертті.
XS
SM
MD
LG