Accessibility links

2014-Олимпиаданың астанасы - Сочи әкімін сайлайды


Бүгін 2014 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары өтетін Ресейдің Сочи қаласы жаңа әкімді сайлайды. 6 үміткер - әкімнің міндетін атқарушы, билік басындағы «Единая Россия» партиясынан ұсынылған Анатолий Пахомов, қалалық компартия комитетінің бірінші хатшысы Юрий Дзагания, оппозициядағы саясаткер Борис Немцов және тағы басқалар дауысқа түседі.
Дауыс беруге қанша сайлаушы қатысса да, сайлау заңды саналады. Үміткер жеңіске жету үшін, барлық дауыстың жартысынан көбін алуға тиіс. Жеңімпаз анықталмаса, сайлаудың екінші туры өтеді.
XS
SM
MD
LG