Accessibility links

АҚШ: Университет оқытушысы өз әйелін өлтірді


Американың Джорджия штатындағы Атенс қаласының полициясы 3 кісіні өлтірді деген күдікпен Джорджия университетінің оқытушысын іздестіру үстінде. Оның қолынан жапа шеккендердің арасында күдіктінің бұрынғы зайыбы да бар. Тағы 2 кісі жарақат алды.
Куәгерлердің хабарлауынша, оқытушы студент қалашығының ішіндегі театрда оқ атқан. Оның алдында жанжал болыпты.
Полицияның хабарлауынша, Джордж Зинкан деген күдікті университетте 1990-ыншы жылдардан бері сабақ беріп келген.
XS
SM
MD
LG