Accessibility links

Сомали: қарақшылар бір кемені босатып, өзгесін басып алды


Сомалидің теңіз қарақшылары 22 ақпан күні Аден бұғазында қолға түсірген «Sadanha» атты Грекия кемесін өткен сенбі күні босатты. Оның жай-жапсары хабарланбады.
Украинаның сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, кеменің командасы түгел аман, кеме алған бетіне қарай жүзіп шықты.
Өткен сенбі күні қарақшылар тағы да Аден бұғазында Германия компаниясына жататын өзге кемені басып алды. Кения үкіметінің хабарлауынша, 17 кісіден тұратын кеме ұжымы ден аман. Бірақ олардың қай елдің азаматтары екені хабарланбады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG