Accessibility links

Сочидегі әкім сайлауында заңсыздарға жол берлді


Адамның құқын қорғаушылар Ресейдің Сочи қаласындағы әкім сайлауының барысында заңсыздықтарды байқады. Азаттық радиосына «Голос» ассоциациясы атқарушы директорының орынбасары Григорий Мельконьянц хабарлағандай, дауыс беретін мекемелердің барлығы бірдей уақытында ашылмады, бюллетень толтырудың үлгілері ілінбеген, кейбір дауыс беретін жерге «Голос» ассоциациясының өкілдерін жібермей қойған.
Оның алдында заңсыздықтардың болғанын дауысқа түсіп жатқан оппозициялық саясаткер Борис Немцовтың штабы мәлімдеген болатын.
Дауысқа 6 үміткер - әкімнің міндетін атқарушы, билік басындағы «Единая Россия» партиясынан ұсынылған Анатолий Пахомов, қалалық компартия комитетінің бірінші хатшысы Юрий Дзагания, оппозициядағы саясаткер Борис Немцов және тағы басқалар түсуде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG