Accessibility links

ЕуроОдақ: Шығыс әріптестігіне қатысты Лавровтың айыптауы қисынсыз сөз


Чехия төрағалығындағы Еуропа Одағы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың ЕуроОдақты бұрынғы Совет одағында ықпалын күшейткісі келеді деп айыптауы «қисынсыз сөз» деп мәлімдеді. Сәуірдің 21-де Лавров Еуропа Одағы Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Молдова және Украина елдерімен арадағы «Шығыс әріптестігі» арқылы бұл мемлекеттерде ықпалын күшейтуді қалайды деп атап көрсетті.

Чехия сыртқы істер министрі Карел Шварценбергтің мәлімдеуінше, мұның қисынсыз сөз екенін Лавровтың өзі де біледі. Ал ЕуроОдақтың келесі төрағасы Швеция сыртқы істер министрі Карл Билдт Ресейдің өзі империалистік тұрғыдан ойлайды деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG