Accessibility links

Сочиде Кремль үміткері жеңіске жететін көрінеді


Сочидегі сайлауда Кремль қолдап отырған тұлға жеңеді деп күтілуде. 2014 жылы Қысқы Олимпиада ойындары өтетін Сочиде мэр сайлауы ұйымдастырылды. Бастапқы нәтижелерге қарағанда, қазіргі мэр Анатолий Пахомов дауыстардың шамамен 77 пайызына қол жеткізген. Кремлдің сыншысы Борис Немцов 13.5 пайыз дауысты иеленіп, екінші орында келеді. Ал Коммунистік партияның үміткері Юрий Дзаганияға сайлаушылардың 6.6 пайызы дауыс берген. Қалған үш кандидат болса 2 пайыздан аз дауыс жинады.

Немцов пен Дзагания сайлау әділетсіз өтті деп мәлімдеді. Бұл айыптауларды сайлау ресмилері жоққа шығарды.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG