Accessibility links

Пәкістан күштері 20 "бүлікшіні" өлтірді


Пәкістан қауіпсіздік күштері дүйсенбі күні 20 бүлікшіні өлтіргендерін хабарлады. Елдің солтүстік батысындағы Лоуер Дир ауданында шайқастар жалғасып жатыр. Жексенбі күні әскерилер 26 бүлікшінің көзі жойылды деп хабарлаған болатын. Оның алдында пәкістандық бір сарбаз оққа ұшты.

Үкімет ресмилерінің мәлімдеуінше, бейбітшілік келісімінің күші жойылмаған. Бірақ Талибан баспасөз хатшысы әлгі келісім түкке тұрмайды деп атап көрсетті. АҚШ ресмилері Суат жазығындағы келісімді сынап, Пәкістан үкіметі экстремистерге берілуде деп айыптады.
XS
SM
MD
LG