Accessibility links

Еуропадағы алғашқы доңыз тұмауы Испанияда расталды


Испания денсаулық сақтау ресмилерінің хабарлауынша, таяуда Мексикадан оралған бір азаматқа доңыз тұмауы жұққан. Сонымен бұл Еуропада тіркелген алғашқы доңыз тұмауы оқиғасы болып отыр.

Мексикада өткен аптадан бері аталған вирустан 100-ден астам адам қаза тапқан көрінеді. Сонымен қатар АҚШ пен Канадада бірнеше адам доңыз тұмауына шалдықты деп хабарланып отыр.

Әлем елдері бұл вирустың алдын алу үшін арнайы шараларды қолға алуда. ЕуроОдақтың денсаулық сақтау комиссары вирустың жайылу мүмкіндігіне байланысты төтенше жиналыс өткізуге шақырды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, әлем доңыз тұмауымен күресуге жақсылап дайындалған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG