Accessibility links

Консул Өзбекстанда тұтқындалған қазақстандықтармен кездесе алмай отыр


Билік орындары Ташкенттегі Қазақстан консулы Бабур Дәуренбекке Өзбекстанда қамауға алынған қазақстандықтармен кездесуіне мүмкіндік бермей отыр. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады. Консулдың мәлімдеуінше, тұтқындалған қазақстандықтардың жағдайы туралы ол ешнәрсе білмейді. Осыған байланысты қазақ консулы Өзбекстан жағына ауызша түрде наразылық танытты.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ақпан айында Қазақстанның 27 азаматы шекарадан заңсыз өтті деген айып бойынша Қарақалпақстан орталығы Нүкістегі абақтыға жабылған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG