Accessibility links

АҚШ өкілі: Ашхабаттағы жиын энергия нарығын дамытудағы маңызды қадам


Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша АҚШ мемлекеттік хатшысы көмекшісінің орынбасары Джордж Кролдың мәлімдеуінше, жұма күні Ашхабатта өткен энергия қауіпсіздігі конференциясы Орталық Азиядағы энергия нарығын дамыту бағытындағы маңызды қадам боп табылады. Бұл туралы Крол Азаттық радиосының түркмен қызметіне берген сұхбатында айтты. Крол сондай-ақ энергия өндіруші елдер мен экспорттаушы мемлекеттер келісім-шарттар мен міндеттемелерін жауапкершілікпен орындауы тиіс деп атап көрсетті. Оның хабарлауынша, АҚШ-тың Еуразиялық энергия бойынша арнайы өкілі Ричард Морнингстар конференцияда көтерілген диалогты жалғастыру үшін таяу арада Орталық Азияға сапар жасамақ.

Ашхабаттағы жиынға АҚШ, Еуропа, Ресей және Қытай мемлекеттерінің ресми өкілдері қатысты.
XS
SM
MD
LG