Accessibility links

Қырғызстанда шеруге қатысқан партия жетекшісі тұтқындалды


Қырғызстан полициясы Жасылдар партиясының жетекшісі Еркін Бүлекбаевты қамауға алды. Азаттық радиосы қырғыз қызметінің хабарлауынша, Бүлекбаев дүйсенбі күні Бішкек-Ош жолын бөгеген 2 мыңдай азаматтың арасында болған. Петровка ауылының тұрғындары жексенбі күні тұтқындалған шамамен 80 жергілікті азаматтың азат етілуін талап етті.

Полиция әлгі азаматтарды этникалық күрдтердің депортациялауын талап еткен наразылық шарасынан кейін қамауға алды. Хабарларға қарағанда, Петровка ауылында тұратын бір күрд азаматы 4 жасар қызды зорлаған көрінеді. Осыдан кейін жаппай наразылық шаралары ұйымдастырылған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG