Accessibility links

Әблязов Ресейдегі банкінің атын өзгертті


Ресейлік БТА банкі АМТ-банк болып атын өзгертті,— деп хабарлайды «Новости-Казахстан» агенттігі. Бұл туралы хабарлаған ресейлік банктің директорлар кеңесінің төрағасы Мұхтар Әблязов «Орталық банк жаңа атауды мақұлдады», — деді.

«Коммерсант» басылымының дерегінше, банк атауының кезекті рет өзгертілуін Мұхтар Әблязов жағдайы нашарлап бара жатқан қазақстандық БТА банкімен үндесуін қаламағандықтан дейді.

«Біз ресейлік БТА банкінің 22 пайызын иеленіп отырған және оның стратегиясына ешқандай ықпал ете алмайтын қазақстандық банктен ара қашықтық ұстағымыз келеді», — деді М.Әблязов.

«Коммерсант» газеті бұл банктің тарихындағы алғашқы жағдай емес екенін жазады. 1999 жылы банк атауы «Астана» халықаралық банкі болса, 2002 жылы Славинвестбанк болып өзгерген, ал 2008 жылдың маусымынан бастап БТА-банкі аталған.
XS
SM
MD
LG