Accessibility links

Қазақстан және Қырғызстан Сыртқы істер министрлері кеңесінің үшінші отырысы өтеді


ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Е. Ашықбаевтың хабарлауынша, ертең Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Қадырбек Сарбаев Қазақстанға ресми сапармен келмек.

Сапар барысында ол екі мемлекет арасында 2003 жылы 25 желтоқсанда қол қойылған Одақтастық қарым-қатынас жөніндегі шартқа сәйкес құрылған Қазақстан және Қырғызстан Сыртқы істер министрлері кеңесінің үшінші отырысына қатысады.

Екі ел Сыртқы істер министрлері кеңесінің екінші отырысы 2008 жылғы 18 ақпанда Астана қаласында өткен болатын.

СІМ кеңесінің үшінші отырысында сауда-экономикалық, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың көкейкесті мәселелері талқыланады. Сонымен бірге жақын уақытта өтетін Қазақстан-Қырғыз үкіметаралық кеңестің бірінші отырысының күн тәртібінің жобасы бекітілуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG