Accessibility links

Астанада жан-жақты мерзімдік шолу жөнінде консультациялық кездесу өткізіледі


Осы жылдың 30 сәуірі күні Астанада ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Н.Дәненовтің төрағалығымен жан-жақты мерзімдік шолу (ЖМШ) жөнінде консультациялық кездесу өткізіледі. Бұл кездесуге БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы мен ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері қатысады, — деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Е. Ашықбаев.

Кездесудің негізгі мақсаты – ҚР мемлекеттік органдар өкілдерін жан-жақты мерзімдік шолуды жүргізу жүйесімен және 2010 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасының ЖМШ рәсімінен өтуіне байланысты осы саладағы басқа елдердің практикалық тәжірибесімен таныстыру.

Жан-жақты мерзімді шолу (ЖМШ) адам құқтарын қорғау саласындағы міндеттемелерді БҰҰ-ның 192 мемлекет-мүшелерінің орындауына БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің аясында мерзімді шолу жасау механизмі болып табылады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG