Accessibility links

Астанада су пайдаланудың мәселелерін талқылайтын конференция болады


Ағымдағы жылдың 3-5 маусымы аралығында Астанада «Су пайдаланудың мәселелері мен болашағы — 2009» атты IV халықаралық конференция өтеді, — деп хабарлайды «Қазақстан су Арнасы» мекемесінің баспасөз қызметі.

Конференцияда республиканың қалалары мен елді мекендерінің тұтыну қажеттілігін сумен тұрақты қамтамасыз ету мәселелері талқыланады. Шара аясында су шаруашылығының құрал-жабдықтары мен осы саладағы жаңа технологиялардың көрмесі де өткізілмек.
XS
SM
MD
LG