Accessibility links

Қазақстан ЕҚЫҰ-ның ұсыныстарын толық қабылдамайды деді Тоқаев


Сенат төрағасы Қасымжомарт Тоқаев елдің ерекшелігіне байланысты Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының барлық заңдық ұсыныстарын қабылдай алмайды деді. Тоқаев аталған пікірін Янеш Ленарчичтің басқаруындағы ЕҚЫҰ-ның делегациясымен кездесуі кезінде білдірді. Ұсыныстардың толық түрде қабылдануын талап ету өз кезегінде нұсқау беруге айналады. Мұның өзі толық әріптестік табиғатына қайшы келеді деді Тоқаев. Ол сондай-ақ «Саяси партиялар» және «Сайлаулар туралы» заңдарға айтарлықтай түзетулер енгізілгендігін де ескертіп өтті.
XS
SM
MD
LG