Accessibility links

Тәжікстан және Қырғызстан президенттері Алматыда кездесті


Алматыда өткен Орта Азиядағы су проблемасы саммиті барысында Қырғыз және Тәжік президенттері Құрманбек Бакиев пен Емомалы Рахмон кездесті. Олар қос елдің экономикалық байланыстары мен әріптестігін талқыласты. Қазақстан, Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан және Қырғызстан президенттері осы басқосуында аймақта суды бөлісу мәселесін ақылдасқан болатын. Алайда ортақ шешімге келе алмады. Суы мол Қырғыз, Тәжік үкіметтері өздеріндегі энергия тапшылығын су электр энергиялары арқылы шешуді алға тартуда. Қазақ және Өзбек үкіметтері болса Қырғыз бен Тәжік жерлерінде су электр бекеттерінің салынуына қарсы. Олар Арал теңізін құтқару тақырыбын қозғауға ұмтылған еді. Түркменстан мейлінше бейтарап қалуға тырысып бақты.
XS
SM
MD
LG