Accessibility links

АҚШ президентінің қызметіне кіріскеніне 100 күн толды


Бүгін АҚШ-тың 44-ші президенті Барак Обама президенттігінің 100-күнін атап өтпек. Франклин Рузвельттің президенттігінен бері жаңа әкімшіліктің алғашқы 100 күні АҚШ президенті жұмысының тиімділігінің көрсеткіші ретінде аталып келеді, — деп хабарлайды Reuters.

Агенттіктің мәліметінше, Барак Обаманың Ұлы тоқырау заманынан бергі ең қорқынышты экономикалық дағдарыспен тұспа-тұс келген президенттік қызметі сарапшылар тарапынан оң бағасын алып отыр. Олардың пікірінше, 44-ші президент ғаламдық рецессиямен күресте демократиялық идеялар мен құндылықтарға сүйенеді. Бұл құндылықтар туралы Вашингтон республикашылар билік басында болған соңғы сегіз жылда ұмытып та кеткен еді.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Барак Обама АҚШ-тың жаңа президенті ретінде осы жылдың 21 қаңтары күні Ақ үйдегі қызметіне кіріскен болатын.
XS
SM
MD
LG