Accessibility links

«KazCommerceEngineering» басшысы алты жылға бас бостандығынан айырылды


Алматы қаласының Бостандық ауданының №2 соты «KazCommerceEngineering» құрылыс компаниясының алданған үлескерлерінің шағымына байланысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.

Сот үкіміне сәйкес, компания директорының орынбасары Асқар Оразбаевқа алты жыл бас бостандығынан айырылу жазасы беріліп, одан 12 миллион 245 мың 481 теңге өндірілетін болды. Ал компанияның бас бухгалтері Әсел Сенғазиева 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

2008 жылдың 16 маусымында Алматы қалалық қаржы полициясы аталған компанияның директорының орынбасарына қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 176,177,218,баптары бойынша, ал бухгалтеріне 218 бап бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын.
XS
SM
MD
LG