Accessibility links

Ресей «Байқоңыр» кешенін жалға алу туралы келісімге өзгерту енгізуді ратификациялады


Ресей президенті Дмитрий Медведев РФ мен Қазақстан арасындағы 1994 жылдың 10 желтоқсанындағы «Байқоңыр» кешенін жалға алу туралы келісімге өзгерту енгізуді ратификациялау туралы федералдық заңға қол қойды.

Осы жылдың 10 сәуірінде Мемлекеттік дума қабылдаған заңды 22 сәуір күні Федерациялық кеңес мақұлдаған. «Байқоңыр» кешенін жалға алу туралы келісімге өзгерту енгізуге Ресей мен Қазақстан жағының құзіреті бар.
XS
SM
MD
LG