Accessibility links

Мексикада доңыз тұмауынан 159 адам көз жұмды


Мексиканың денсаулық сақтау мекемесінің хабарлауынша, доңыз тұмауы вирусынан деген күдікпен қайтыс болғандар саны 159-ға жеткен. Бұл елдің денсаулық сақтау министрі Жозе Кордованың айтуынша, Мексикада осы дерт бойынша 2,500 оқиға тіркелген. Доңыз тұмауының таралуына жол бермеу үшін Мексика билігі елдегі мектеп, кинотеатр, стадион, мейманхана және шіркеулерді жауып тастауға нұсқау берді.
Құрама Штаттар, Канада, Еуропа және басқа да елдер оның ішінде Қазақстан да өз азаматтарын Мексикаға сапар шегуді тоқтата тұруға шақырды.
XS
SM
MD
LG