Accessibility links

Пәкістан күштері талибандармен шайқасуда


Пәкістан әскерилерінің хабарлауынша, елдің күштері Исламабадтың солтүстігін бақылауға алған талибан жасақтарымен шайқасып жатыр.
Қауіпсіздік күштері Бунер ауданындағы үлкен қала Даггарға бақылауды қайта алды. Пәкістан күштері Бунердегі содырларға қарсы операциясын сейсенбі күні бастаған.
Хабарларға қарағанда, жексенбіден бері жүріп жатқан бұл қақтығыста талибан жауынгері деп күдіктелген 75 адам мен қауіпсіздік күштерінің 10 мүшесі қаза тапты.
XS
SM
MD
LG