Accessibility links

Ресей теңізшілері Сомалидің 29 қарақшысын ұстаған


Ресейдің соғыс кемелері Сомали жағалауында ішінде 29 адамы бар қарақшылар кемесін қолға түстірді. Ресейдің Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, адмирал Пантелеев деп аталған соғыс кемесі күдіктелген сомали қарақшыларының кемесін сейсенбі күні ұстаған.
Хабарларға қарағанда, қарақшылар кемесінен жеті калашников қаруымен қатар бірнеше соғыс жабдықтары табылған.
Ресей бірнеше алып елдермен қатар Сомали аймағындағы қарақшыларға қарсы соғыс кемелерін жөнелткен еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG