Accessibility links

Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұрынғы лауазым иелеріне қатысты қылмыстық істің өндірісі аяқталды


Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұрынғы лауазым иелеріне, атап айтқанда, бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов, бұрынғы вице-министрлер Әлжан Бралиев пен Зейнолла Сәрсенбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша өндіріс аяқталды, — деп мәлім етті Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай.

«Осы жылдың 20 сәуірі күні бұрынғы министр Нұрлан Ысқақов және бұрынғы вице-министрлер Әлжан Бралиев пен Зейнолла Сәрсенбаевтарға қызмет бабын асыра пайдаланып, бюджеттің 1 миллиард 172 миллион теңгесін жымқырды деген айып тағылған болатын. Қазіргі уақытта қылмыстық істің материалдарымен танысу рәсімдері жүргізілуде, бұдан кейін іс әрі қарай сотқа тапсырылу үшін прокуратураға беріледі», — деді ресми өкіл.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG