Accessibility links

АҚШ-пен әуебаза бойынша келіссөз жүріп жатқан жоқ


Қырғызстан премьер-министрінің айтуынша, қырғыз ресмилері Вашингтонмен әуебаза бойынша ешқандай келіссөз өткізіп жатқан жоқ. Рейтерс агенттігі премьер-министр Игорь Чудиновтың бұл айтқандарын бүгін беріп отыр.
Бұл мәлімдеме осыған дейін АҚШ ресмилері Қырғызстанды Манас әуебазасын жаппауға көндіру жөніндегі келіссөздерде алғабасушылық бар деген соң айтылып отыр.
Құрама Штаттар Ауғанстандағы күштеріне Қырғызстандағы әуебаза арқылы жүк жеткізіп тұрған. Ресми Бішкек ақпан айында оны жабу туралы шешімге келген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG