Accessibility links

Пхеньян тағы зымыран сынағын жасауы мүмкін


Солтүстік Корея егер осы айдың басында ұшырған зымыранын сынағаны үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі кешірім сұрамаса, тағы басқа зымыран сынағын жасайтынын айтып қорқытып отыр.
Пхеньян сәуірдің 5-дегі зымыраны орбитаға жерсерігін орнату үшін ұшырылды деген.
Батыс елдері оның артында ұзақ қашықтықтағы баллистикалық зымыран сынағы тұр деген алаңдаушылық танытты. Одан кейін Қауіпсіздік Кеңесі бұрынғы санкцияларды күшейтуге нұсқау беріп, ал Пхеньян өзінің ядролық бағдарламасына қатысты қарусыздану жөніндегі алтыжақты келіссөзге бойкот жариялады. Және өзінің қару жасайтын бағдарламасын қайта бастайтынын айтқан.
Солтүстік Корея 2006 жылы баллистикалық зымыран ұшырып, сынақ жасағаны үшін БҰҰ бұл елге санкциялар енгізген.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG