Accessibility links

Ертісбаев: Тоқаев елдің азиялық ерекшелігін меңзеген


Қазақстан президентінің саяси мәселелер бойынша кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев Азаттық радиосына берген сұхбатында, сенат төрағасы Қасымжомарт Тоқаев Қазақстан ЕҚЫҰ-ның барлық заңдық ұсыныстарын қабылдай алмайды дегенде, елдің азиялық ерекшелігін меңзеді деп айтты.
“Қасымжомарт Тоқаевтың онда айтайын дегені - елдегі әлеуметтік-саяси мәдениеттің ерекшелігі, жалпы Бельгия, Голландия, Люксембург және Франция елдеріндегі мәдени жағдайдан айтарлықтай өзгеше екендігі. Бұл елдердегі демократия тек адам құқықтары мен саяси билікті бөлісу ғана емес, кейбір батыс еуропа елдерінде есірткінің кейбір түріне рұхсат беріліп, бір жынысты некелер заңдастырылған сияқты жайттар бар” - деді Ертісбаев.
Сейсенбі күні Қасымжомарт Тоқаев ЕҚЫҰ-ның делегациясымен кездесуінде елдің ерекшелігіне байланысты Қазақстан ұйымның барлық ұсыныстарын толық орындай алмайды деген еді. Оның айтуынша ұсыныстардың толық түрде қабылдануын талап ету өз кезегінде нұсқау беруге айналады.
Ол сондай-ақ «Саяси партиялар» және «Сайлаулар туралы» заңдарға айтарлықтай түзетулер енгізілгендігін де ескертіп өтті.
XS
SM
MD
LG