Accessibility links

Amnesty International: Обама адам құқын қорғауды жақсы бастады


Адам құқын қорғаушы Amnesty International ұйымы президент Барак Обама Құрама Штаттардағы адам құқы жағдайының көрсеткішін бірден жақсартты дей келе, бірақ Обаманы уәдесін толығымен орындауға шақырды.
Бұл мәлімдеме АҚШ-тың 44-ші президенті Барак Обаманың қызметіне кіріскен алғашқы 100 күніне орай айтылып отыр.
Amnesty International Обаманың терроризм күдіктілерін сұраққа алатын Гуантанамо абақтысын жабуға берген бұйрығын мадақтап, бірақ онда әлі де айып тағылмаған 240 адам қамауда отыр деді.
Лондонда орналасқан құқық қорғау тобының мәліметіне қарағанда, Ауғанстандағы АҚШ-тың қамау мекемесінде жүздеген адам себепсіз ұсталып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG