Accessibility links

Қазақстан Чехиядағы діни босқындарға қатысты мәлімдеме таратты


Қазақстан Бас прокуратурасы Чехиядан саяси баспана сұрап жүрген діни босқындарға қатысты ресми мәлімдеме жасады деп хабарлайды қазақпарат агенттігі.
Прокуратураның мәлімдемесінде: "Соңғы кездері бірқатар ақпарат құралдарында Қазақстанда діни құқықтар бұзылып жатқаны жайлы мақалалар мен оған қатысты пікірлер жарияланып жүр. Соның бірі елде діни сенім-нанымдары үшін қудаландық деп Чехия мен Словениядан босқын мәртебесін сұраған Қазақстан азаматтары туралы көп айтылып келеді" делінген.

Осыған қатысты Бас прокуратура Қазақстанның дінаралық келісім тәжірибесі, діни төзімділік пен ұстамдылығы көрсеткендей мұндай мәлімдеулер дұрыс емес деп есептейді.

"Әрбір адамның дін еркіндігін қамтамасыз ету, олардың құқының шектелмеуі Қазақстан заңдары мен Конституциясы негізінде жүзеге асады, сондықтан олардың елден кетуі негізсіз" деп атап көрсетеді Қазақстанның Бас прокуратурасы.

Қазақстандық 205 діни босқынның 2006 жылдан бері Чехия үкіметінен саяси босқын мәртебесін сұрап, көбісінің депортация алдында тұрғаны жайлы алғаш рет Азаттық радиосы хабарлаған болатын.
XS
SM
MD
LG