Accessibility links

Алматыдағы «Максима» кешенінде атыс болды


КТК телеарнасының хабарлауынша, Алматыдағы ірі ойын-сауық және сауда орталықтарының бірі «Максима» кешенінде төтенше оқиға орын алған. Қаланың Райымбек даңғылында орналасқан сауда орталығында бүлік шығарған бұзақылардың әрекетінен төбелес болып, соңы атысқа ұласқан, соның салдарынан бір адам жараланды.

КТК-ның мәліметінше, ішімдік ішкен белгісіз үш жігіт сауда орнына баса-көктеп кіріп, күзетшілерге оқ атқан. Қақтығыс кезінде жараланған үш күзетші қазір ауруханада жатыр. Дәрігерлер иығына оқ тиген күзетшінің жағдайы «ауыр» деп отыр. Күзетшілердің сөзінен белгілі болғандай, қару кезенгендер полиция қызметкерлерінің куәлігін көрсеткен. Ал қалалық Ішкі істер департаменті бұл оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG